«Мониторингтік топтардың жұмысы заңмен реттелуі бизнес өмірін жеңілдетеді» - кәсіпкер «Ақ жолға» алғыс айтты

«Мониторингтік топтардың жұмысы заңмен реттелуі бизнес өмірін жеңілдетеді» - кәсіпкер «Ақ жолға» алғыс айтты

«Ақ жол» депутаттары мониторингтік топтардың қызметін заңнамалық реттеуге қол жеткізді.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті норма кәсіпкерлік саласындағы жаңа реттеу саясаты туралы заң жобасына енгізілді. Заң жобасы  Мәжілістің жалпы отырысында екінші оқылымда қабылданды.

«Әріптестерімді және карантинге қарсы шаралар түрінде бұрын бірнеше рет негізсіз қысым мен қорқытуға ұшыраған бүкіл ШОБ өкілдерін құттықтаймын: шектеулер қайталанған жағдайда (өкінішке орай, оны жоққа шығаруға болмайды) - сізде өз құқығыңыз бен мүдделеріңізді қорғау құралы пайда болды», - деп жазды Азат Перуашев telegram-дағы парақшасында осыған байланысты.

«Қазақ  үні» ақпарат агенттігі бизнес өмірін жеңілдететін осы айтулы жаңалыққа орай қарағандылық кәсіпкер, тофу ірімшігін өндіретін «Жизнь для здоровья» ЖШС Бас директоры Стецко Ярославтың пікірін білген еді. 

- Бұл кәсіпкерлердің өмірін айтарлықтай жеңілдететін маңызды жетістік. Себебі, мониторингтік топтардың жөн-жосықсыз тексерістері мен негізсіз айыппұлдары бизнеске үлкен қысым болған еді. Соған шыдамай қаншама кәсіпкер өз ісін жабуға мәжбүр болды. Бүгінгідей инфляция шарықтап, қымбатшылық асқынып тұрған шақта мониторингтік топтардың жұмысы заңмен реттелетініне кәсіпкерлер шынымен қуанып жатыр. Барлық кәсіпкерлер атынан бизнес мүддесін қорғаған «Ақ жол» партиясына, фракция депутаттарына зор алғыс білдіремін, - деді Ярослав Стецко. 

Атап өту керек, аталған норма «Ақ жол» фракциясының мынадай қағидатты ұстанымдарын ескере отырып, кәсіпкерлердің Демпартияға мониторингтік топтардың теріс әрекеттері туралы көптеген өтініштерінен кейін дайындалды:

1. Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес эпидемияға қарсы карантинді бұзу фактісін және тиісті жазаларды тек СЭС қызметкерлері ғана анықтай алады (тағылымдамадан өтушілер, әкімдіктердің қызметкерлері немесе қоғамшылдар емес).

2. Мониторингтік топтардың заңды кәсіпкерлік қызметке араласуына жол берілмейді.

3. Кәсіпкерлерге меншікке қол сұғылмаушылықты қоса алғанда, олардың құқықтарын қорғау құқығына кепілдік беріледі.