Ислам Әбіш: «СІЗДЕЙ СУДЬЯҒА АДАМ ТАҒДЫРЫН СЕНІП ТАПСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ! (видео)
2019 ж. 14 қазан
15639
14
ИСЛАМ ӘБІШ СОТЫНДА СУДЬЯҒА СЕНІМСІЗДІК БІЛДІРІЛДІ!
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖЕТІК БІЛМЕГЕНІ ҮШІН сенімсіздік білдіру - ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖЕҢІСІ
Судья Мекемтасқа өз ісіне жауапты қарамағаны және шешіміндегі қазақ тілінен қаптаған қып-қызыл қателері үшін Ислам Әбіш пен Серік Төкеев және адвокаттар мен қорғаушылардың барлығы сенімсіздік танытып, оның іс жүргізуіне қарсы болды.
1. Судья адвокат Абзал Құспанның 30 қыокүйектегі берген 8 өтінішінің біреуін де қанағаттандырмай, шала-шарпы негіздемемен қайтара салған. Бір өтініші - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро төрағасы А. Шпекбаевты куә ретінде шақыруына да берген негіздемесі сенімсіз. Ал бір өтінішке мүлде жауап берілмеген.
2. Судья Мекемтастың бір жарым беттік шешімінен адвокат Абзал Құспан 78 қате шығарған. Тіл институтында жасалған негізгі сараптама да бар, ол алда жарияланады.
Ислам Әбііш судьяға: "8 өтініштің біреуіне де сенімді жауап бере алмаған, қазақ тілінде қып-қызыл қатемен жазған, алдын-ала дайын шешімді оқып беруден басқаны білмейтін СІЗДЕЙ СУДЬЯҒА АДАМ ТАҒДЫРЫ ТҮГІЛ МАСА ТАҒДЫРЫН СЕНІП ТАПСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ!"-деп
Екі адвокат та, Абзал Құспан мен Ерлан Мәкенов те тамаша сөйледі! Нақты, дәл, тура айтылған, заңмен бекітілген, шегедей қағылған дәлел, шешен тілмен сөйленген сөзге судья ешнәрсе дей алмай, сот залын тастап шығып кетті!
Бұл Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы соттың түрі!? Сонда басқа өңірлердегі, әсіресе, солтүстіктегі, шығыстағы қалалардың соттары қандай күйде екен?
Міне, біздің Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылында Мемлекеттік тілді меңгеру - Мемлекеттік мүдде, жалпы ұлттық идеологиядағы жеткен жеріміз, "жетістігіміз"!
[caption id="attachment_105816" align="alignleft" width="184"] Судья Қ. Мекемтас[/caption]Ол судья Мекемтас енді қазақ тілін үйрену курсына кетті ме, әлде қазақ тілін мазақ тілге айналдырғаны үшін өз еркімен орнын босатуға арыз беруге кетті ме, ол жағы әзірге белгісіз... Түстен кейін "Елордада қазақ тілін менен артық білетін сот жоқ"-деп, қайтып келіп сотты жүргізе беруі де әбден мүмкін... Өйткені біз Қазақстанда өмір сүреміз ғой, ал бізде бәрі де бола береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро төрағасы А.Шпекбаев Дүниежүзі Қазақ күресі федерациясы төрағасы Ислам Әбішті тұтқындап, өз еркімен федерациядан кетуге арыз жаздырып алып, бір аптаға жетпей орнына өзі отырып алып жатса, басқадан не сұрауға болады?!. Адвокат Абзал Құспан оны сол үшін сотқа куәлікке шақырған болатын... Ал біздің Қазақстанның азаматтары Конституциямыз бойынша бәрі тең құқылы деп жүрсек, олай емес екен! Сотқа шақыруға болатындар және сотқа шақыруға болмайтындар болып екіге бөлінеді екен?!.
Ислам Әбіш сотында МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖЕТІК БІЛМЕГЕНІ ҮШІН судьяға сенімсіздік білдіру - ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖЕҢІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ!
Енді сот әділдігінің Жеңісіне жете берейік!
Ислам Әбіш сотына келген адамдар залға сыймай қалды.
Сот судья Мекемтасқа сенімсіздік бойынша шешім шығару үшін үзіліс жариялады. Сот түстен кейін 14-45-те жалғасады!