Қуандық Тұғанқұлов: Барлық сайлаушылардың 77,1 пайызы дауыс беруге қатысты
2016 ж. 20 наурыз
2269
0
Қазақстан бойынша сайлау барысында 7 млн. 500 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
«Қазіргі сәтте дауыс беру үдерісі аяқталды. Сайлаушылар тізіміне барлығы 9 млн. 800 мың азамат енгізілген болатын. Кешкі сағат 20-00-дегі жағдай бойынша 7 млн. 500 мыңнан астам сайлаушы өз конституциялық құқығын пайдаланды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес республика бойынша тізімге енгізілген барлық сайлаушылардың 77,1 пайызы дауыс беруге қатысты. Өткен сайлаулардың деректерімен салыстырғанда бұл рекордтық көрсеткіш. Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүріп жатыр», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Дерек көзі: ҚазАқпарат