Саясаттанушы: Бұл президент үкіметті отставкаға жіберген алғашқы жағдай
2019 ж. 22 ақпан
2822
1
Қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметті отставкаға жіберу туралы шешіміне қатысты пікірімен бөлісті. Мемлекет тәуелсіздігін алғалы берімемлекет басшысы алғаш рет отставканы қабылдамай, министрлер кабинетін қызметінен босатты, дейді ол, деп жазады Stan.kz.
Саясаттанушы өз пікірін Telegram-арнасында жазды.
“Бұған дейін болжанғандай, Қазақстанның саны бойынша оныншы үкіметі отставкаға кетті. Таяуда өткен кеңейтілген отырыста мемлекет басшысының айтқан эпитеттерінен кейін үкіметтің отставкаға кететіні болжанған еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың ашуланғаны айқын болды. Оған қатаң баға беруі мен “атқарыңдар да, отставкаға кетіңдер!” деген сөзі дәлел”, – дейді Талғат Қалиев.
Айта кетсек, бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарып, бұйрыққа қол қойды. Президенттің Қазақстан үкіметі алдына қойылған міндеттерді атқара алмайтыны туралы мәлімдемесі Ақорданың баспасөз қызметіне жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, министрлер мен әкімдер халықпен жұмыс істеп, адамдардың проблемаларын тыңдап, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен саясатты түсіндіре алмайды.