Астана автобустарында жаңа ережелер: жол ақысы 180 теңге және алдыңғы есік арқылы түсуге тыйым салынған
2018 ж. 18 шілде
2588
0
Астананың қоғамдық көлігінде 21 шілдеден бастап дифференцияланған тариф іске қосылады. Жолаушыларды отырғызу және түсіру ережелеріне де өзгерістер енгізілді.
"Астана LRT" компаниясының мәліметіне сүйенсек, екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушылар алдыңғы есіктен отырғызылады. Ал түскен кезде алдыңғы есіктен басқа есіктер арқылы шығу керек.
Ортаңғы есікті мүмкіндігі шектеулі және арбасы бар жолаушылар пайдалана алады.
Жолаушыларды отырғызу және түсірудің жаңа ережесін кондукторлар түсіндіреді.
21 шілдеден бастап көліктік картамен жолақысын төлеу 90 теңге тұрады, ал қолма-қол ақшамен төлеу – 180 теңге.