Ресейдің жойғыш ұшағы Сириядағы түрік әскерилерінің ғимаратын жарып жіберді
2017 ж. 11 ақпан
4351
1
Ресейдің жойғыш ұшағы Эль-Баб деп аталатын сириялық қалашық маңында жүргізген ИГИЛ-ге қарсы операция кезінде түрік әскерилері жүрген ғимаратқа барып соққы жасаған. Олар зымыранның бұл ғимаратқа абайсызда тиіп кеткенін айтып ақталды деп хабарлайды mk.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Түркия қарулы күштері бас штабының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес Ресейдің әуе-ғарыштық күштерінің соққысынан үш түрік әскери адамы құрбан болып, тағы 11 адам жарақат алды.
"9 ақпан күні кешке Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб қаласының маңында "Ефрат қалқаны" операциясын өткізу аймағында Ресей авиациясының ИГИЛ-ге қарсы әуеден соққы жасау кезінде бомбаның бірі түрік әскерилері жүрген ғимаратқа тиді. Ресей билігі жағдайдың әдейі істелмегенін мәлімдеді" - делінген Түркия бас штабының сайтындағы хабарламада.
Мәлімдемеде Түркия және Ресей оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны айтылған.
Ресей президенті Владимир Путин түрік әріптесіне қоңырау шалып, көңіл айтқан.
"Сирияда түрік әскерилері Ресейдің әуе-ғарыштық күштері соққы жасау кезінде координаттарды алдын ала келісіп алмағандықтан қайтыс болды. Ресей және Түркия бұл механизмді жедел түрде жетілдіреді", - деді Владимр Путиннің баспасөз хатшысы.