Қытай Ресеймен шекаралас аумақтарға құрлықаралық ракеталарын қойды - БАҚ

Қытайдың Халық-азаттық армиясының "Дунфэн-41" ракеталары бар үш бригаданы орнататыны хабарланып отыр. Бөлімшелердің бірі Хэнань орталық провинциясындағы Синьян қаласында екен. Ракетелардың шекараға қойылу себебі айтылмайды.

Ал екінші бригада Хэйлунцзян провинциясындағы Дацин қаласында, үшіншісі Қытайдың солтүстік-батысындағы Ұйғыр ауданында орналасқан Синьцзян қаласында орнатылуы тиіс болған делінеді. Айта кетейік, "Дунфэн-41" ракетасының ұшу қашықтығы 14 мың шақырымға жетеді.

Дереккөз: tengrinews.kz