Ресей зымыран қалдықтарын тастау үшін Ақтөбенің 22 мың гектар жерін жалға алған
2016 ж. 15 шілде
2486
3
Ақтөбеге зымыран қалдықтарын құлату үшін Ресей 22 мың гектар жерді жалға алған. Зымыран бір рет ұшса да, екі рет ұшса да көрші ел 103 мың доллар төлейді.
Ақтөбе облысында 22 мың гектар жердің жалға берілгенін жергілікті билік өкілдері жақсы біледі. Жер қатынастары басқармасының басшысы «бұл туралы бәрі біледі» деп жайып салды. Ал оның қай уақыттан бастап сынақ алаңына айналғанын басшы тап басып айта алған жоқ.
«Ол үкіметаралық жалға беру болып саналады. Зымырандар арасында ұшырылып тұрады. Біздің елдің Қорғаныс министрлігі бар, Ресейдің Қорғаныс министрлігі бар, біздің екі космос, Ресей елінің космосы бар... Екі ел үкіметінің бірігіп зымыран ұшыру, бірігіп жұмыстар атқару келісімі бойынша, Ресей жерді жалға алды. Ол кеше алынған жер емес. Ол баяғыдан бері жалға алынған жер. Зымыран қай жылдан бері ұшырылып келе жатыр, онда тұрған ештеңе жоқ», - дейді облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Қабай Сәрсенғалиев.
Шенеунік ақтөбеліктердің Ресейден жүз мың доллардай қаржы алып отырғанын айтты.
«Оның ақшасын жергілікті атқарушы орындар игеріп жатыр. Ырғыз ауданы 103 мың доллар алады екен. Олар бір рет ұшыруы мүмкін. Кейде екі рет ұшырады. Барлығы 460 мың доллар үкіметаралық келісіммен төленеді. Бір рет ұшырса да екі рет ұшырылса да ол ақша төленеді. Қостанайда жалға берілетін жер көлемі көбірек», - дейді облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Қабай Сәрсенғалиев.
Сынақ алаңына айналған Ырғыз ауданында жоғалып кетуге аз қалған жануарлар бар.