Жер комиссиясының екінші отырысы: Жұмыс топтарының жетекшілері тағайындалды
2016 ж. 21 мамыр
2908
20
Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрт жұмыс тобының құрамы жасақталып, төрағалары сайланды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Экономикалық топқа 26 адам, құқықтық топқа 14 адам, ұйымдастырушылық топқа 16 адам, ақпараттық түсiндiру тобына 16 адам кiрiп отыр», - дейді комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
Жұмыс топтарының жетекшiлерiн комиссия мүшелерi ұсынып, дауыс беру арқылы сайлады. Сонымен, экономикалық бағыттағы жұмыс тобының төрағасы болып бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, ғалым Ақылбек Күрiшбаев сайланды. Құқықтық жұмыс тобына белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жетекшiлiк етеді. Ал ақпараттық түсiндiру тобын Мұрат Әбенов, ұйымдастырушылық мақсаттағы жұмыс тобын Дос Көшiм басқарады.
Айта кетейiк, Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның екiншi отырысы өтiп жатыр. Отырысқа комиссияның 75 мүшесiнiң 67-сi қатысып отыр. Бес адам белгiлi себептермен келе алмаған, ал екi адам комиссия құрамынан өз еріктерiмен шығып кеткен.
Дерек көзі: BNews.kz