Педофилдердің суреті интернетте жарияланбақ
2016 ж. 19 қаңтар
1767
0
Елімізде сәбилерді зорлаған азғындардың аты-жөні мен суреті интернетке салынады, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Бірыңғай ақпараттық базада педофилдердің тұрғылықты мекен-жайы, жеке басы туралы ақпарат жазылады. Бас прокуратура онлайн тізімге 1991 жылдан бастап балаларды қорлаған 2 мыңнан астам педофилді тіркемек.
Прокурорларды мұндай қадамға статистка мәжбүрлеп отыр. Себебі, тек 2015 жылдың өзінде 1200 жасөспірім зорлық-зомбылық көрген. Балаларды қорғау үшін Бас прокуратура педофилияға қатысы бар шетелдіктерді елге мүлдем кіргізбеуді де ұсынып отыр.
qazaquni.kz