БАҚ: 298 адам қаза тапқан Boeing ұшағын ресейлік “Бук” атқан
2015 ж. 10 қазан
2411
0
9 қазан
Халықаралық Bellingcat тергеу тобы 2014 жылдың шілдесінде Шығыс Украинада Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының апатқа ұшырауына ресейлік “Бук” зымыран кешені себеп болған деп мәлімдеді.
Топтың есебіне қарағанда, ұшақты Курск түбіндегі зенитті-зымыран бригадасына тиесілі “Бук” атқан. Қару ұшақ апатқа ұшыраған 17 шілде күні Донецк облысындағы Снежное қаласының оңтүстігінде тұрған, ал 18 шілдеде Луганскіге қарай әкетілген. Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып шыққан Boeing-777 ұшағы 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекені аумағында апатқа ұшыраған. Ұшақтағы 298 адамның барлығы қаза тапты. Украина билігі ұшақ апатына “ресейлік зениттік зымыран кешенін қолданды” деп ресейшіл сепаратистерді айыптаған. Ресей апат болған аймақта Украина әскери-әуе күштерінің ұшақтары болуы мүмкін екенін айтқан.Дереккөз: Азаттық