Депутат пен кәсіпкер арасындағы жекпе-жек
2015 ж. 26 тамыз
1557
0
26 тамызда Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында кәсіпкер Сергей Глаголевтің арызы қаралады. Ол облыстық мәслихаттың депутаты Александр Терентьев соққыға жықты деп шағымдануда.
Полицияның оңтүстік бөлімшесімен сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болғандай, Глаголев пен Терентьев 21-сәуір күні денсаулыққа жеңіл зиян келтіріп, бір-біріне дене жарақатын түсірген.
Сергей Глаголевтің айтуынша, Терентьев екеуінің арасындағы достыққа 15 жыл өткен. Ол 2007 жылы Циолковский көшесі, 27 мекенжайында орналасқан автокөлік жуу орнының жартысын сыйға тартқан.
Енді бұрынғы серіктестер сот арқылы жер учаскесі мен автокөлік жуу кешенін бөлуге тырысуда. 21-сәуір күні автокешен аумағында өткен көшпелі сот отырысынан кейін екі азаматтың арасында жанжал туындаған.
“Ол мені шекемнен ұрып жіберді. Менің құлап түскеніме қарамастан, Терентьев бетім мен басымнан соққылай берді”, – дейді Глаголев.
Терентьев полицияның оңтүстік бөлімшесінде жауап алу кезінде Глаголевтің төбелесті бастап, «қақпаға итеріп жібергенін және балағаттап, мойын тұсынан ұрғанын» айтқан.
Нәтижесінде Глаголев жабық қаңқа жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Терентьевтің қолы ісіп, мойнында қанды ісік пайда болған. Ол ауруханаға жатудан бас тартқанымен, президентті ұлықтау рәсіміне қатыспаған.
“Менің қолымда Терентьевті ұрмағанымды дәлелдейтін бейнежазба бар”, – дейді Глаголев.