Президент Үкіметтің өкілеттігін доғарды
2015 ж. 29 сәуір
1384
1
29 сәуір
Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен президентті ұлықтау рәсімінен соң, Назарбаев үкіметтің өкілеттігін доғару туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды. Сонымен қатар, президент өкімімен мемлекеттік орган басшылары да отставкаға кетті деп жазады Қазақстан жаңалықтары. Ақорданың ресми сайты «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты Қаулыны жариялады. 1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 1. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Дереккөз: Nur.kz