"Аттан Қазақстан" қозғалысының белсендісі осындай мәлімдеме жасаған болатын. Тіпті ол бейресми сайлауалды науқанды бастап та кеткен көрінеді.
Ол үшін көлемді плакаттар дайындап, үгіт-насихат жұмыстарына бел шеше кірісуде. Осыған дейін президенттік сайлауға кадидат ретінде 3 рет түскен еді.
"Құдайсыз мемлекет құрған нашар болады. Ол имансыз болады. Ал имансыз мемлекет құлайды. Менің бағдарламам, ұраным ниет тұтып қабыл болсын", - дейді "Аттан, Қазақстан!" қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек.
Президент болудан үмітті ақсақал халықтың 30-40 пайыз дауысын жинайтынына да сенімді. Бірақ саяси науқанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жеткенін қалайды екен.