КЕДЕНДІК ОДАҚТА КЕЛІСПЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕР ТУА БАСТАДЫ…Қазақстан Ресейдің Украинаға қатысты санкциясын неге қолдамады?!.
2014 ж. 02 шілде
1720
1
Еуразиялық комиссия отырысында Ресей тарапының ұйым шеңберінде Украинадан әкелінетін тауарларға шектеу қою туралы ұсынысын Қазақстан мен Беларусь қолдамай қойған.
Экономика және бюджеттік бағдарлау министрі Ерболат Досаев: "Шартқа қол қойған ішінде норма болды, барлық үш ел бірге шешім қабылдау керек деген. Бірақ енді Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы қолын көтерген жоқ деп. Сосын шешім қабылданған жоқ", - деп түсіндірді.
Егер бұл талапты орындаса бәрінен Беларуське қиын тиер еді. Олардың Украинамен арадағы шекарасы 600 шақырым екен.
Ал Қазақстан мұндай қадамға барғанда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін күрделендіріп алуы мүмкін болатын. Өйткені, осы халықаралық ұйымға мүше болу үшін барлық келіссөздер аяқталған.
Ресей билігі одақтастарының шешімін етүсіністік білдірді. Олар шектеу қою туралы бастамасын Еуропаның сапасыз тауарларынан сақтану үшін жасап жатырмыз деп түсіндірген.
Қазақстан мен Беларустың қарсылығына қарамастан, Кедендік одақтың ережесіне сәйкес Ресей енді бұл ұстанымды жалғыз жүзеге асырмақ. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/320065.html
31 арна