Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн ыстық болады
2014 ж. 10 маусым
1893
0
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы 38 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz республикалық "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып.
Сала мамандарының мәліметіне қарағанда, орташа температура 25-33 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарда 28-38 градусқа дейін ыстық болады.
Сондай-ақ елімізге Ресей аумағынан келетін циклон жайында да болжам айтылып отыр. Мұның салдарынан батыс аймақтарда жаңбыр жауып күн салқындайды.
"Қазгидрометтің" баспасөз хатшылығы алдағы күндері солтүстіктің суық жаңбыры мен түнгі салқыны оңтүстік батысқа ауысатынынан да құлаққағыс қылды. "Осыған байланысты оңтүстік батыс аймақтарда найзағай жарқылдап, жел көтеріледі" - дейді мамандар.
Бұдан бұрын 7-9 маусым аралығында елімізде ауа райы салқын болады делінген еді. Ауа райын болжаушылар тіпті қайсыбір аймақтарда күн райы 0-ден 5 градусқа суық болатынын ескерткен болатын.
Бұған қатысты аталмыш мекеме "7-8 маусым аралығында Қосатанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 8-9 маусым аралығында Ақмола облысында, 9 маусымда Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 0-5 градус аралығында ауа райы салқындайды" - деп хабарлаған еді.
tengrinews.kz