Путин Ресей әскерінің шекарадан кетіп жатқанын үшінші рет хабарлады
2014 ж. 22 мамыр
1613
0
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Украинамен шекара түбіне шоғырланған Ресей әскері тұрғылықты жеріне қайту үшін теміржол вокзалдары мен аэродромдарға қарай қозғалған.
Ресей президенті Владимир Путин Украинада 25 мамыр күні өтетін президент сайлауы қарсаңында "жаймашуақ жағдай" тудыру үшін әскерді қайтаруға бұйрық бергенін айтады. Украина билігі өкілдерінің мәлімдеуіне қарағанда, ресейлік әскери бөлімдер шекарадан кемінде 10 километр ғана кері жылжыған. Сараевоға сапарында НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен Ресей әскерінің шекарадан түгел қайтқанына "толық дәлел жоғын" айтып, Путиннің әскерді шекаралық аймақтардан әкету туралы осымен үшінші рет мәлімдеме жасап отырғанын меңзеді. АҚШ армия министрі Джон Макхьюдің айтуынша, Вашингтон Ресей әскерилерінің шекаралық аймақтардан толықтай кеткенін емес, тек белгілі бір қашықтыққа ғана кері шегінгенін байқаған. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/314520.html"Азаттық" радиосы