
Қазақстан Үкіметі отставкаға кету туралы өтініш білдірді.
Бүгін өткен Үкімет отырысында Серік Ахметов:
"Өз атымнан және бүкіл Үкімет атынан Елбасы білдірген сенімге алғыс білдіргім келеді. ҚР "Үкімет туралы" заңына сәйкес Премьер-министрдің отставкаға кетуімен барлық "Министрлер кабинеті" өз жұмысын тоқтатады. Бірақ жаңа Үкіметтің құрылуына дейін қызметін жалғастырады."-деді.
Ахметов 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап ҚР Премьер-министрі лауазымында болды. Оған дейін Қарағанды облысының әкімі қызметінде болды.