Ресей әскерилері Украинаның шекара бекетін басып алды
2014 ж. 10 наурыз
2587
3
Қырымның Черноморское кентінде Ресей әскерилері Украинаның шекара бекетін басып алды. Бұл туралы "Украинская правда" газетіне Украина мемлекеттік шекара қызметі хабарлаған.
Украина шекара қызметінің баспасөз хатшысы Олег Слободян "5 канал" эфирінен бекет басқармасын Ресейдің 30 қарулы солдаты басып алғанын хабарлады. Ол "шабуыл қалай жасалғаны анықталып жатыр" деді.
Оның айтуынша, 8 наурыз күні теңізді бақылайтын посттарды істен шығару басталған. 9 наурыз күні "Украинская правда" газеті Симферопольде Қырымдағы "Еуромайдан" акциясын ұйымдастырушы Андрей Щекуннің ұсталғанын жазды.
"УНИАН" агенттігінің сайтында "Сенбі күні Симферопольге әскери жүк көліктері колоннасы кіргені" жазылған. Жауынгерлер тиеген нөмірлері жоқ көліктердің саны 70-тей болған.
nur.kz