Қарағандыны ресейлік басылым "меншіктеп" алыпты
2014 ж. 10 ақпан
1580
2
Орыстілді ақпарат құралдары қазақтардың тәуелсіздігін әлі де мойындамайтындарын ара-тұра білдіріп қояды. Мәселен, бүгін Тенгриньюс.кз сайты режиссер Олег Степанченконың «Вий» фильмі алғашы көрсетілімнде-ақ «Аватарды» басып озып кассалық табыстан рекорд жасап, үш күнгі билет сатудан 17 млн. доллар пайда түскенін жазыпты. Олардың бұлай қуана сүйінші сұрауына кинорежиссер Олег Степанченконың Қарағандының тумасы екені себеп болыпты. Мақтанып отырып олар Олегтің Қарағандыны жақсы көретінін, оны барлық ұлттар бас қосқан ресейлік Нью-Иорк деп санайтынын айтыпты. Иә, біз қателесіп отырған жоқпыз. Қарағандыны Ресейдікі депті. Қателесіп отырған олар шығар. Немесе бұлар әлі де Қазақстанды Ресейдің меншігі деп санайды, бастарындағы сол ойлары аңдаусызда қағазға түсіп кете береді.
«Шын-ақпарат»