Қазақстанның 5 облысында дауылды ескерту жарияланды
2020 ж. 21 тамыз
1581
0
Қазақстанның бес облысында 21 тамызда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
21 тамызда күндіз Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 18 м/с жел тұрады. Жезқазғанда 21 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 18 м/с жел тұрады, - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылдың ықтималдығы – 70-100%.
21 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 21 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, - деді баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 70-100%.
21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі, - деді сарапшылар.
Дауылдың ықтималдығы – 70-100%.
21 тамызда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады, - деп ескертті метеорологтар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 70-100%.
21 тамызда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 21 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі, - деді синоптиктер.
Дауылдың ықтималдығы – 70-100%.