Елордада тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны төмендеген
2019 ж. 18 қараша
1919
0
Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша артта қалған облыстар белгілі болды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды baq.kz.
Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша бұл Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары көш бастады. Десе де Нұр-Сұлтан қаласында он айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 35,8 пайызға төмендеген. Бұл жоспарланған көлемге жетуге әсерін тигізуі мүмкін, - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Ведомство мәліметінше республика бойынша 2019 жылға жоспарланған 2,7 млн шаын ршы метр көлеміне қарағанда 1,7 млн шаршы метрді пайдалануға беру күтіліп отыр.
Биыл тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына инженерлік коммуникация өткізуге 77,3 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес өңірлерге 59,3 млрд теңге аударылды, оның 56,3 млрд теңгесі немесе 96,1% игерілді. Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаражаттың игерілу көрсеткіші төмен, - деді Атамқұлов.
Ол сот процестері мен жобалау-сметалық құжаттаманың түзетілуіне байланысты бірқатар өңірлер бөлінген қаражатты жылдың соңына дейін қайтаруды жоспарлап отырғанын айта кетті. Алматы қаласының әкімдігі сот процестеріне, құрылыс алаңдарының дайын болмауына байланысты 353 млн теңге, Нұр-Сұлтан қаласы түзетуге байланысты 115 млн теңге, Алматы облысы 175 млн теңге қайтарады.
Көпбалалы отбасылардың баспана мәселесіне басымдық берілетіні туралы министр осыған дейін айтты.