Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды
2019 ж. 10 шілде
1869
0
Облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Бұл қызметке облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Нүкенов тағайындалды.
Ол 1970 жылы туған. 2002 жылы Омбы қаласындағы Сібір мемлекеттік жол-көлік академиясын, 2014 жылы П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, ғалым-агроном және экономист-менеджер мамандығын меңгерген.
Қазіргі таңда Алматы қаласы менеджмент университетінде докторантурада оқуда.
Еңбек жолын тас қалаушы болып бастаған. Кейін жеке бизнеспен айналысқан.
2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Железин ауданының әкімі, Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, Ақсу және Екібастұз қалаларының әкімі, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.
Болат Бақауов алда ауқымды стратегиялық мақсаттар тұрғанын атап өтіп, Елбасы мен Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды.
"Барлық қызметте Қайрат Теміршотұлы өзін кәсіби білікті басқарушы ретінде көрсете білді. Мемлекеттік саясат пен нарықтық экономиканы жақсы біледі. Өндірістік және коммуналдық саламен таныс. Облыс орталығы инвестиция тартатын орталыққа айналуы тиіс. Отандық өнімді насихаттау қажет", - деді облыс әкімі.