Абай мен Әбілқайыр хан атындағы көшелер өзгермейтін болды
2019 ж. 21 наурыз
6052
2
Ұлыстың ұлы күнінде жаңа президенттің бастамасын білгенінше орындаған шенеуніктер туралы "Тоқаев тапсырма бергенімен, Абайды аласартып, Тәуелсіздікті түсіріңдер деген жоқ" атты мақала жазып, азаматтық пікірімді білдіріп едім. Министрлік тарапынан жауап келді.
Абай мен Әбілқайырды алып тастауға асыққан шенділер сөгіс алмаса да, сөз естіген болу керек. Қысқасы, ұлы тұлғаларымыздың атындағы көше атаулары өзгермейтін болды деп сендірді.
Әлеуметтік желідегі белгілі қоғам қайраткерлері мен көзі ашық азаматтардың көптеген өткір жазбаларынан естерін жиған секілді.
2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысы болып өтті, онда бірқатар жергілікті мәслихаттардың облыстық қалалардың орталық көшелерін қайта атау туралы шешімдері қаралды.
Атап айтқанда, Комиссия бірқатар облыс орталықтарының көшелерін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың құрметіне қайта атау туралы шешімдері қолдау тапты.
Сонымен бірге, Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы қайта атау үшін ұсынылған көшелерді өзге объектілер мен көшелерді анықтай отырып, қайта қарауды ұсынды.