Мұхтар Тайжан: Қазақ тілінде сөйлей алмайтындар министр болып жүр

4
5365

«Қазақстан» арнасындағы «Парасат Майданы» бағдарламасының кезекті санында елге белгілі екі қоғам қайраткері Дос Көшім мен Мұхтар Тайжан қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салды. Жемқорлық, тіл мәселесі, саяси үрдістер туралы өрбіген ашық әңгімеде келелі әңгімелер айтылды.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәселен, саясаттанушы Дос Көшім өз сөзінде елдегі тіл мәселесін көтеріп, оны шешудің жолын ұсынды.

– Біз қазақ 70 пайыздан асты дейміз. Енді «Тек қана қазақ тілінде сөйлеп, қазақша жазыңдар барлық жерде» деп заң қабылдау керек. Мейлі, орыс тілділер орысша сөйлей берсін. Сен оның құқығын сыйлы. Орысшасын тыңда да, қазақша жауап бер. Ол да дәл солайша сенің құқығыңды сыйласын. Гандидің жолымен осындай реформаны жүзеге асырса, меніңше, үш айдың ішінде қазақ тілінің мәселесі шешіледі, – деді Көшім.

Ал, Мұхтар Тайжан болса қазақ тілін білмейтіндердің көбі лауазымды қызметтегі шенділер екенін айтты.

– Орыс тілділер қазір билікте отыр. Қазақ тілінде сөйлей алмайтындар министр болып жүр, – деді Тайжан.

qazaquni.kz

4 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз