ӨСКЕМЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША САЛЫНҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ СӨГІЛІП, ШАТЫРЫ ТЕСІЛГЕН
2018 ж. 22 тамыз
2641
0
Пәтердегі жаңбыр! Өскемендегі жаңа үйге қоныс тепкен тұрғындар құрылыс жұмыстарының сапасына алаңдаулы. Қатты нөсерден соң баспаналарына су кетіп, мазалары қашқан. Мемлекеттік бағдарлама арқылы, сондай - ақ, "Самұрық Қазына" тұрғын-үй қорының қаржыландырылуымен салынған үйлерді тұруға жарамсыз деп тапқан отбасылар, жаңа қоныстарынан бас тартпақ. Бұл туралы ">Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Пәтерлерінің шұрық-тесік екеніне көздері жеткен тұрғындар жауыннан кейін баспанада түсірілген видео және фотосуреттермен бөлісіп әлек. Кадрлардан нөсердің салдарын анық байқауға болады. Жаңбыр үй ішіне шелектеп аққан. «Прошел обильный дождь, вот мы видим его последствия, наши дома приняли на себя этот удар. Но они не прошли бесследно. Шаянбаевтар отбасы бірнеше ай бұрын ғана қоныс тойын тойлаған. Су жаңа баспанадағы балалар бөлмесін су басқан. Құрылыстың сапасыз жүргізілгені көзге ұрып тұр: үй қабырғалары сөгіліп, шатыр тесілген. Ал мұндағы отбасылар несиеге алынған осы пәтерлер үшін он бес жыл бойы ай сайын 120 мың теңге төлеуге міндетті.
«Иә, майда осындай жағдай болды, бәрі айтылған. Застройщик директорына звондап та айттық. Төрт ай өтті, осы уақыт ішінде ештеңе істелмеді. Подрядчиктер іздеп жатырмыз деп айтады» - дейді қала тұрғыны Ілияс Шаянбаев. Тұрғын-үй кешені 2015 жылы пайдалануға берілген. Ал тұрғындардың көбі тек осы жазда көшіп келіпті. Келе сала мердігер компаниядан нысандағы ақауларды тез арада жоюды талап еткен. Ал жаңбыр жауған сайын тұрғындар құрылысшы компанияға осылай деп құлаш-құлаш арыз да жазған екен. Үйде тұру мүмкін еместігін дәлелдеу үшін тіпті фото және видео түсіріп жіберген. Алайда, шағымға құлақ асар ешкім жоқ. Қараша айында тұрғын үй кешенінің кепілдік мерзімі бітеді. Ол кезде мердігер компания өз міндетінен құтылып, құрылыстың кем-кетігін тұрғындардың өздері түзейтін болады.
«Көршілердің бәрі чатқа жаздық. Оның бәрін "Самұрық Қазына", "Техногрупп" секілді мекемелерге жібердік. Фото да, видео да. Бірақ ешбірінен көмек келмеді, жауап келген жоқ. "Жасаймыз, жасаймыз", дейді. Бірақ ештеңе істемейді» - дейді қала тұрғыны Еркежан Нұртазина. Құрылыс компаниясындағылар мәселені зерттеп, себебін тауыпты. Үй жобаға сай салынған, бірақ сапасы нашар материалдар қолданылыпты.
«Сапа жайын қабырға панельдерін жасаушы зауыттан сұрау керек. Үйдің қаңқасын сол панельдерден тұрғызған едік. Проблеманы қалай шешеміз? Сайдингпен қаптап шығамыз. Көп үйде осы технология қолданылып жатыр» - дейді құрылыс компаниясы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Алексей Пименов. Мәселе шешімін тапқанымен, тұрғындардың көңілі тынышталар емес. Мұндағы отбасылар мемлекеттік бағдарлама шарттарында қарастырылса, осы пәтерлердің бағасымен тең басқа баспанаға көшіп кетер едік, дейді. Енді баспана иелері күздің жауын-шашынсыз болып, мердігер компанияның жөндеу жұмыстарын аз уақыттың ішінде жасап бітіруін күтіп отыр.