Павлодарда қоқыс жәшігінен ардагерлердің 15 медалі табылды
2018 ж. 04 мамыр
2183
0
Павлодарда сауда үйінің қоқыс жәшігінен ардагердің төсбелгілері табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
28 сәуір күні «Тұлпар» СҮ-нің дала сыпырушысы қоқыс жәшігінен біртүрлі қалта тауып алып, оны сауда үйінің техникалық қызметкерлер бойынша ауысым маманы Әлия Сәлімбаеваға берген.
«Медальдар файлдың ішінде болды. Мүмкін оларды қолды еткен адам сата алмай құтылудың амалын іздеп, осында тастай салған болар. Бақылау камералары сол жерде орналаспағандықтан, бағалы заттарды кім тастағанын көре алмадық. Төсбелгілердің иесін немесе оның жақындарын тапқымыз келеді. Мен әлеуметтік желілерде хабарлама бергенмін, бірақ жауап жоқ. Сондықтан жақын арада оларды құқық қорғау органдарына тапсырамын»,- деді Әлия Сәлімбаева.
Сауда үйі қызметкерінің айтуынша, файлдың ішінде 15 медаль болған. Олардың кейбіреуі бірнеше данадан. Төсбелгілер бірнеше ардагерге тиесілі болуы мүмкін.