ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ
2017 ж. 30 қараша
7406
0
Қызылорда қаласында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» атты шара ұйымдастырылып, оған облыстағы барлық білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері және мектептердің ұстаздары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Назарбаев университеті бірлесіп өткізген «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбындағы телекөпір өткізді.
Шара барысында «НАРХОЗ» университетінің басшылығымен еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» іс-шарасы өткізу қолдау тапқан болатын. Аталған бірыңғай сағат 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбында жүргізілді. Бірыңғай сағаттар онлайн режимде өткізіліп, әлеуметтік желілерде көрермендерге ұсынылды. Аталған шара қорытындысында оқушылар мен студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарға арналған өз Үндеулерін жариялады.
qazaquni.kz