Универсиаданың алауын жақпақ болған студенттің беті күйіп қалды (фото)
2017 ж. 27 қаңтар
3026
3
Павлодарда Универсиада эстафетасының алауын жағу салтанатының дайындық кезінде бетін қатты күйдіріп алған С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенті ауруханаға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жедел жәрдем салтанатты шара аяқталған соң ғана келген. Ал, бетін от шалған студент өзіне артылған міндетті соңына дейін орындап шыққан.
"Оқыс жағдайдың орын алғаны рас. Оқиғаның аты шулы болып көрінгенімен, студенттің денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жауап берді ЖОО-ның баспасөз қызметі.
"Дәрігерлер бетімде ешбір іздің қалмайтынын айтып сендіруде. Бірақ оған сене алмай тұрмын. Ауруханада бір аптадан аса уақыт жатуым мүмкін", - деп жауап берді Бәкіжан Кәкім.
Бәкіжан Кәкім қазақ филологиясы мамандығында білім алып жатқан екінші курс студенті. Ол республикалық Оралхан Бөкей оқуларының жеңімпазы, ақын. Өлеңдері облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда жарық көрген.