Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет
2016 ж. 22 қараша
2112
0
2016 жылы жалдамалы қызметкерлердің ақшалай табысы өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға азайған. Бұл Қазақстан өңірлерінде тұрғын үй сатып алушылар санының төмендеуіне әсер етіп отыр деп хабарлайды ranking.kz сайтына сілтеме жасап Baq.kz.
Ал Қазақстанда тұрғын үй қымбат екенін ескерсек, өңірлерде орташа табыс табатын қызметкерге бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет.
Сондай-ақ, өңір тұрғындары үшін жеке тұрғын үй сатып алуға арналған несие жүйесі де тиімсіз. Екінші деңгейлі банктерден ипотекаға 17% мөлшерлемемен 15 жылға үй алу үшін жұмысшы ай сайын жалақысының 62%-ын немесе 80 мың теңге жұмсауы керек.
Өңірдегі жұмысшылар үшін тұрғын үй сатып алудың бір жолы — 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тұрғын үй несиесін алу. Кредиттің жылдық мөлшерлемесі — 4% және мұндай кредит арқылы өңірде жұмыс істеп жатқандар үй сатып алу үшін айлық табысының 30%-ын немесе 38 мың теңге жұмсайды.