Ақтауда зорланған алты жасар қыз бала Астанада көз жұмды
2016 ж. 21 қараша
2260
0
Ақтауда зорланған алты жасар Вика 21 қараша күні Астанадағы Ана мен бала орталығында көз жұмды. Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Ақтауда зорланған алты жасар қыздың өлгендігі туралы ақпаратты University Medical Center корпоративтік ұжымның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұрын Ана мен бала ұлттық орталығының University Medical Center корпоративті қорының филиалына ресейлік профессор Сергей Царенко келген. Оның сапары аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізілген.
Ол "мидің өлімі" диагнозын растаған. Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ. Қылмыс жасады деген күдік бойынша өз кінәсін мойындамай отырған ер адам қамауға алынды.
Естеріңізге салайық, 6 жасар Виканы биыл тамыз айында Ақтаудағы саяжайлардың бірінде педофил зорлап кеткен болатын. Қылмыскер сәбиді дүкеннен алдап алып шыққаны белгілі. Алған ауыр жарақаттары салдарынан кішкентай қыз ес-түзсіз ауруханаға жеткізілген. Содан бері ол есін жиған жоқ.
Жуырда Мәскеуден келген мамандар Виканың миы өлгенін айтып, өзінің де жазылатынына күмәнмен қарайтындарын айтқан болатын.