ҚАЙРАТ МӘМИ. ПЕДОФИЛДЕРДІ ПІШТІРУ ЕМЕС, ӨЛТІРУ КЕРЕК!

5
7848

Педофилдерді піштіру емес, өлтіру керек! Көрінген жерде жасөспірімдерді жәукемдеп кете беретіндерге өлім жазасын қайтаруды сұраған жұртқа жауап берген Жоғары сот төрағасы жақын күндері ондай өзгеріс болып қалуы мүмкін деді.

«Өлім жазасын қайтару мәселесі терең зерттеуді қажет етеді. Егер өлім жазасынан қорыққаннан осындай істер азаятын болса, мен әрине өлім жазасын қайтаруға келісер едім. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, егер сондай қорытындыға келген жағдайда ондай өзгеріс орын алады деп ойлаймын», – деді ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.

Мораторийді алып тастау мәселесі педофилдің қолына түсіп, ақыл-есінен айырылған ақтаулық 6 жасар қыздың оқиғасынан соң қайта-қайта көтеріліп жатыр. Ондай жантүршігерлік жағдай кеше ғана Жезқазғанда да қайталана жаздады. Сұрақтарды қарша боратқан жұрт Қайрат Мәмиге қара қылды ақшаға жарып жүрген әріптестеріне қатысты да шағымданды. Төрелікті тиынға сатып, өзін төмен қаратқан судьялардың барын мойындаған Мәми ондайларды тіке өзіне айтуды сұрады. Бас судья соларға ашуланамын деп, әріптестерінің қателігін де айтып қалды. Мәселен, атышулы «Әліби ісін» қараған қазы қателесіп, тоқалға таласқан Қайрат Жамалиевтің бар мүлкін мемлекет есебіне тартып алыпты. Кейін іс қайта қаралып, тең жартысы кәсіпкердің келіншегіне қайтарылған. Бір өзі жүздеген бидің үстінен қараған Қайрат Мәми айма ай алатын маңдай тер ақысын да жасырмай айтып берді.

«Жалақым менің құпия емес! 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын. Қолыма 900 мыңнан артық тиеді», – деді Жоғарғы сотының төрағасы.

Дереккөз: baq.kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. Адамды бас пайдасын ойлап өлтірген үшін,кешегі ұзын-ағаштағы үш ағайынды оқиғасы тұралы жауыздықпен істеген қылмыс үшінде.педофилдермен қатар өлім жазасын қолданудыескеріңізші!

  2. Бұл арада екі мəселе талқыға түсіп отыр. Біріншісі – педофилдік. Оны біреулер психикалық ауру дегенмен, өте ауыр қылмыс екені анық. Жəне оған жазалау шарасы қатаң болу керектігі дау туғызбайды.
    Екінші мəселесі – өлім жазасына қойылған мораторийдің күшін жою туралы ұсыныс.
    Бірінші мəселе туралы айтқанда, жəбір көрген балалардың ата-анасы қатты ашу-ызаға, кектенуге барып отырғаны əбден түсінікті. Бұл зымияндық неге тиылмай келеді? Оған себеп болып отырған – жазаның жұмсақтығы ма? Меніңше, оған себеп – жазаның жоқтығы. Əрбір қылмыскер өзінің қылмысы əшкере болатынын, жəне ол үшін міндетті түрде жаза тартатынын білгенде педофилдік тоқтайды. Тоқтамаса да күрт азаяды.
    Өлім жазасы өте қатал жазалау шарасы. Оны қолданған елде тергеу жəне соттау жүйелері өте білімді, адал, таза болуға тиіс. Қателік кеткен жағдайда, жазықсыз өлім жазасына кесіліп, өліп қалған адамның обалы өте ауыр болады. Оны кім арқалауға дайын?
    Өлім жазасын бір енгізгесін, оны сосын тоқтату қиын болады. Өлім жазасын əркімдер саяси мақсатпен пайдаланулары мүмкін.

  3. Піштіргеннің өзінде бұл мәселе шешімін табуы да мүмкін. Мемлекет тарапынан назардың аударылғаны дұрыс.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз