Амантай қажы 23 жасар бойжеткенді тоқалдыққа алды (ФОТО)
2016 ж. 08 қыркүйек
4417
7
Амантай қажы жас бойжеткенді тоқалдыққа алды. Жас келін Амантай қажының қатаң талаптарына сай келетін көрінеді. Амантай қажы Мұхит Сапарбайдың авторлық бағдарламасына сұхбат беріп, жас тоқалын халыққа таныстырған, - деп хабарлайды qazaquni.kz Караванға сілтеме жасап.
Қыздың пәктігіне баса мән беретін қажы тоқал іздеп жүргенін бірталай уақыт бұрын айтқан болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын берген сұхбатында ол:
«Тоқал болуға лайықты қыз кездессе, өз басым оған дайынмын. Бірақ пәк қыз кездеспей жүр. Қырыққа жуық қыз тоқал болуға келісімін беріп, үйіме де келді. Олардың қыз еместігін біліп, барлығын қуып жібердім. Мен таза қызды бес метр жерден білемін. Бұйыртса, тоқал алатын күн де келеді. Барлығы Алланың ризашылығымен болады ғой», – деген еді.
Енді, міне, Алланың қалауымен Амантай қажы бұрын-соңды тұрмыс құрмаған пәк қызын тапты. Бойжеткен жастығына қарамастан, басынан орамалын тастамайды екен.