Әзімбай Ғали. МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН ҚАЙРАН ХАЛҚЫМ...
2016 ж. 19 мамыр
4600
1
Геноцидтің болғанын Ресейге мойындатып, арнайы заң қабылдау керек
Елдің толқуы патшалық Ресей үкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы бұратана халықтардың ер азаматтарын өз әскерінің тылдағы жұмысына жегу туралы Жарлығынан кейін басталған екен. Бұл – 1916 жылдың 25-маусымы еді.
Наразылық біртіндеп көтеріліске ұласып кетеді. Оның басты себебі – қазақты қазақты қара жұмысқа салу да емес, елдің жерін тартып алып, ең құйқалы өңірлерді казактар мен қарашекпенділерге үлестіру болатын. Жергілікті жұрт қу медиен дала мен шөлге қуыла берді.
Тарих институтының деректеріне сүйенсек, 1916 жылға қарай қазақтан 45 млн. десятина жер түрлі жолмен алынып, Ресейге беріліпті.
Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталысымен бұрыннан күшейіп келе жатқан салық езгісі үдей түсті. Бұл орыстардың да арқасына қатты батты. Ресейдің соғыстағы әскери жетістіктері мардымсыз еді, кейін Ресей біраз жерін немістерге беріп қойған-ды. Орыс жұршылығы мобилизация бойынша майданда жүргенде олардың отбасылары әбден тарықты. Қымбатшылық күшейді.
Патша үкіметі орыс пен қазақтың наразылығы бірігіп кетпес үшін белгілі саяси технологиялар пайдалануға көшіпті: қазақпен орысты бір-біріне айдап салып, орысты қазақ есебінен малдандыру, материалдық мүдде арқылы тонауға итермелепті. Осыдан кейін онсыз да ушығып тұрған қазақ пен орыстың арасы біртіндеп өшпенділікке ұласады. Үкімет орыс тұрғындарын қорғаған болып оларды қарумен – винтовкалармен қамтамасыз етіп отырды. Мұрағат деректерін келтірейік: «Крестьяне села Теплоключнинского пропустили через селение татар, а сартов и таранчинцев и дунган всех перебили, всего свыше 500 человек... у убитых только ташкентских торговцев было свыше миллиона рублей наличных денег, не считая имущества». (Из протокола допроса судебным следователем ротмистра Железнякова о причинах и ходе восстания. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и материалов. Том 1. Алматы. Казахстан. 1990, с. 143).
Ереуіл басталысымен қазақтардың жағдайы мүлде құлдырады. Көтерілісті басуға жіберілген жазалаушы жасақтар туралы мына деректер куә: «...беспорядки в Джизаке, туда подходит карательный отряд, с сотоящий из трех видов оружия. Пехота, артиллерия и кавалерия и начальник отряда отдает приказ сжигать все поселения, уничтожать все туземное население без различия пола и возраста». IV Мемлекеттік дума депутаты А.Ф.Керенский – трудовиктер партиясының талабымен масқара заңсыздықтар мен қатыгездікті тоқтату және қылмысы әшкереу мақсатымен Мемлекеттік думада бұл мәселені көтерген болатын. Сонда былай дерті: «...а селении Луговом, где отряд солдат вместе с русскими поселенцами, оцепив громадную толпу киргиз (қырғыздар емес – қазақтар. Ә.Ғ.) и стал гнать их безоружных выстрелами и нагайками к утесу, внизу которого была река и сбросила этих людей... развалины туземного города Джизака, который насчитывал около 20 тысяч населения, сами говорят за себя. Город сравнен с землею. (В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и материалов.Том 1. Алматы. Казахстан. 1990, с. 180-181, 198-199 Ескерту: Луговое-Қазақстанның елді мекені, Джизак – Өзбекстанның облыс орталығы).
Жетісу облысының Верный уезінде қазақ бұқарасы қазақ баласын соғысқа тыл жұмысына шақыруынан жан сақтап, түрлі әрекет жасады. Кейбірі үдере көшті. Наразылардың бір бөлігі 1916 жылдың 18- тамызында Балқаш өңіріне жинала бастады (Брайнин С., Шафиро Ш.Восстание казахов Семиречья в 1916 году. Казахское краевое издательство. Алма-Ата.1936. Москва. с. 63).
С.Брайнин мен Ш.Шафиро сияқты зерттеушілердің деректерінде 1916 жылдың 9-қыркүйегінде Лепсі уезінің Мақаншы – Садыр және Мәмбетбай – Қысқаш болыстықтарында қазақ көтерілшілістері шабуылдарын бастаған көрінеді. 10-қыркүйекте көтерілісшілердің үлкен бөлігі Саратов елді мекенінің жанында штаб ротмистр Масловтың жазалаушы жасағына шабуыл жасады. Лепсі уезінің басшысының айтуынша, көтеріліске қатысушылардың көп бөлігі орыс қожайынадрының жалшылары. Бұл оқиғаға қатысы болған Мұхаметжан Тынышаевтың жазуынша, сол шайқаста қазақ тарпынан 90 адам өлтірілген, 40 адам тұтқындалып абақтыға жетпей өлтірілген. Абақтыда бұрынғы болыс Селеу Саурықов қайтыс болған. (5. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и материалов.Том 1. Алматы. Казахстан. 1990,c.287-289).
1918 жылдың маусым айында қызылдар мен ақтардың арасы аса шиеленісті. Мұхамеджан Тынышбаевтың адмирал Колчактың атына жазған хатында былай деп жазады: «Это обстоятельство разозлило красных и они принялись за массовые убийства безоружных киргиз (қазақтар. Ә.Ғ.), за систематическое уничтожение киргизского хозяйства (қазақ шаруашылығы. Ә.Ғ.).Так в пяти Садыровских волостях Лепсинского уезда убито свыше 5000 киргиз (қазақтар. Ә.Ғ.), исключительно взрослых работников. Одновременно с этими событиями разразился джут». (Тынышбаев М.Таңдамалы. Избранное. Алматы. «Арыс». 2001, с. 61).
1918 жылдың басында «Алаш» өзінің әскерін жинай бастады. Халықтан жігіт пен мініс ат сұрады. Менің атамның айтуынша, олардың мал саны ортайып қалған кез болыпты.
– «Алашқа» әскер қоспаса да. Бір-екі бас жылқы беріпті қанша қиналса да... Біраз қазақ «Алашқа» жылқы да, әскерге жігіт те бермепті. Сәл кейін олардың малын ақ атаман Анненков түгел тартып алыпты», деп атам мырс етіп күлер еді. 1918 жылдың жазында Лепсі уезінің қазақтарынан 10000 тәркіленіпті. [6]
20-ғасырда екі нәсіларалық соғыс өтті. Ол Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар. Тарихқа белгілі ағылшын – бур соғысы заманымыздың ең қатыгез нәсіларалық соғыс. Себебі, сол майданда жарылғыш оқтар (дум-дум) қолданылған. Алғашқы нәсіларалық-этникалық тазалау (этническая чистка) соғыстардың бірі 1916 жылғы қазақ көтерілісшілеріне – «тактика выжженой земли» пайдаланды. Осылайша бейбіт жұртшылықты қыру тактикасын көп пайдаланған генерал Курапаткин екен. Бұл генерал Орыс-Жапон соғысынад басшы болып орыс әскерін басқарған. Барлық шайқастарада (Ляоян, Шахэ, Сандепу және Мукден) өз еліне жеңіліс әкелген. Есесіне, нашар қаруланған қазақтарды қырғынға ұшыратқан. Қолбасшылықтан басқа Курапаткин өзін орыс идеологі ретінде көрсеткен. (А.Н.Куропаткин. «Россия для русских. Задачи русской армии», «Желтая опасность». Главным образом усилиями славянских племен движение из Азии на Европу азиатских народностей – монголов, татар и турок – не только остановлено, но с наступлением славян, северная часть Азии переходит в руки русского племени. ...В общем, это будет союз народов белой расы против народов желтой расы и чернокожих. Деление на эти две группы будет близко отвечать и делению на две группы по религиозным верованиям).
Сонымен, нәсілшіл пиғылдағы Куропаткин өзінің геноцидтік әрекетін қазақтарды қыру арқылы жүзеге асырған. Биыл 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдық азалы күні аталып өтілуге тиісті. Сол секілді Қырғыз елінде Ұлы Үркүні трагиқалық оқығаның 100 жылдық азалық еске алу өткізіледі.
Біз 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдық толған тұста бұл оқиғаны геноцид басы деп білеміз. Геноцидтің бел ортасы – 1930-1932 жылдар; қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтан миллиондаған қазақты қырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен ядролық қару пәрмені мен әскері қазақ жерінде сыналды. Бұл сол геноцидтің жалғасы емей немене?
Қазақты қалаға кіргізбеді. Өз басым қалалық тіркеуді егемендік алғаннан кейін ғана алдым.
Қорыта айтсақ: геноцидтің болғанын Ресейге мойындату, армяндар, еврейлер сияқты арнайы заң қабылдау, геноцид – азалық естелік мемориалын салдыру. Сөйтіп, қазақ қасіретіне қазақтың да, қазақ еместің де, басқа мемлекеттердің де назарын аудару, азалы күндерді – қазақ кешкен геноцид деп күн тәртібіне енгізу...
Әзімбай Ғали, саясаттанушы
qazaquni.kz