Елбасымыздың Ұлы саясаты - Көші-қон мүлтіксіз атқарылуы керек!
2016 ж. 16 мамыр
3587
3
Бүгін ҚР Үкіметінің басшысы К.Мәсімовтың атына арнаулы хат жазып апарып, Премьер-министрдің кеңсесіне тапсырдым. Хатта көшіп келушілердің соттылығының бар не жоқтығына қатысты анықтаманы, Ішкі істер огандары тұрақты тіркеуде тұруда, Қытайдан келген қандастарымыздан талап етпеу туралы өтінішімді айта келіп, бұл мәселе бүгіннен бастап, екі апта ішінде шешімін таппаса, Кәрім Қажымқанұлын сотқа беретінімді ескерттім.
Осы мазмұдас хатты ҚР Парламенті Сенатының Қуаныш Айтаханов, Мұрат Бақтиярұлы, Нұрлан Оразалин, Жабал Ерғалиев, Бірғаным Әйтімова сынды бес депутатының да атына жазып апарып тапсырдым. Сенаторлардың Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдауын өтіндім!
Көші-қон - Елбасымыздың Ұлы саясаты. Саясатты жолға қоятын, Заңын бекітетін Президент. Атқаратын Үкімет! Елбасы саясаты мүлтіксіз болу керек!
Ауыт Мұқибек
16.05.2016
Астана
Фейсбук парақшасы
http://astanatv.kz/news/show/id/47613.html