Баспанаңыз үшін ең қатерлі жайлардан хабардар болыңыз
2016 ж. 12 мамыр
1774
0
Су басу, үшінші тұлғаның заңға қайшы әрекеті және өрт қазақстандықтардың үйлері үшін негізгі қатер болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kompetenz сақтандыру компаниясына сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, Қазақстанда сақтандырылған жылжымайтын мүлікке су құбырында, канализацияда және жылыту жүйесінде болған апат кезіндегі су басу көбірек шығын әкеледі. Осы мақсатта сақтандыру жағдайы 25 пайызды құрайды екен. Екінші орында үшінші тұлғаның заңға қайшы әрекеті (22 пайыз) болса, үшінші орында өрт (15,4 пайыз) тұр.
Айта кетейік, рейтинг компанияның жеке статистикасы бойынша жасалды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың статистикасы қолданылды. ҚР Экономика министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы меншікке қатысты 25 994 қылмыс тіркелген. Оның 17 185-і ұрлық болып отыр.
Өртке келетін болсақ, өрттің пайда болуына көп жағдайда электр сымдарының тұйықталуы, сонымен қатар электр құрылғыларындағы ақау себеп болатыны анықталды.
Дерек көзі: Tengrinews.kz