Түлектерге екінші рет ақылы ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі
2016 ж. 17 наурыз
3135
0

«Бұл мәселе бойынша біздің алдымызда Президент қойған тікелей тапсырма тұр. Осы жылы біз жастарға біздің жоғары оқу орындарымызға түсуге мүмкіндік бергіміз келеді. Әсіресе, колледж түлектері ескеріледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналаса алмайтынын түсінеміз. Алайда, тұтас алғанда, басқа елдер сияқты біз жоғары білімді қоғамға ұмтылуымыз қажет. Соңғы 40 жыл ішінде әлемдегі студенттер саны 6 есе өсті. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындарына 150 млн адам түседі. Соңғы 10 жыл ішінде бұл көрсеткіш 50 пайызға артты», - деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Айта кетейік, ҰБТ-ны қайтадан тапсыру ақылы негізде болмақ. Министрлік өкілдері сендіргендей, сынақты екінші рет тапсыру құны көп болмайды. Ал ҰБТ тапсыру механизміне биыл ешқандай өзгеріс енгізілмейді.
Дерек көзі:BNews.kz