Талдықорғанда 240 отбасы пәтер кілтіне ие болды
2016 ж. 11 ақпан
2980
4
Бүгін талай жанның көптен күткен асыл арманы орындалды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында бой көтерген 5 көпқабатты тұрғын үйден 240 отбасыға пәтер кілтін табыстады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы бұл пәтерлер медицина және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, мүгедектерге, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы ата-аналарға және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшыларына берілді.
Осы күні өңір басшысы А.Баталов жаңа тұрғын үй иелерін қоныс тойымен құттықтап, түрлі-түсті теледидарларды сыйға тартты, ал ақсақалдардар жылы лебізге толы баталарын берді.
Дерек көзі: Алматы облыстық баспасөз қызметі
qazaquni.kz