Темекі тұқылын қоқыс жәшігінің маңына тастағандар 30 млн теңге айыппұл төледі

Қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру аясында жыл басынан бері 16 мыңнан астам павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмоваға сілтеме жасап.  

«Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін: жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, коммуналдық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге тастау, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, абаттандыру ережелерін бұзу, тыныштықты бұзу, белгіленбеген жерлерде темекі тарту, иттер мен мысықтарды күтіп-асырау ережелерін бұзу бойынша 16 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Б.Мағзұмова. Полицейлердің ақпаратынша, анықталған құқық бұзушылықтардың қорытындысы бойынша ұсақ бұзақылық жасағандарға жалпы сомасы 29,3 млн теңге айыппұл салынды.

www.bnews.kz