Үкімет журналистерден неге қашады?
2014 ж. 14 мамыр
1635
0
"Үкімет есігі қашан ашылады" - кезекті жиыннан соң есеп беруге Орталық коммуникациялар қызметіне ағылған бір топ министрге журналистер осы сауалды төтесінен қойды.
Тілшілердің "Кәрім Мәсімовтің сын-ескертпелерін естімей жүрміз, көрмей жүрміз" деген шағымына вице-премьер Бақытжан Сағынтаев "Сіздерге ең бастысы сол болса, сағынып жүрсеңіздер, онда жуырда көріп те қалуыңыз мүмкін", деп үміттендірді. Айта кетейік, жаңа үкімет жасақталғалы сейсенбі сайын өтетін дәстүрлі Үкімет жиыны жабық есік артында өтіп жүр деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов министрлер өздерінің саяси имиджін ойлауды қойып, нақты іспен айналысатын болды Tengrinews.kz тілшісіне дегенді жеткізді.
Журналистер сондай-ақ Үкімет мүшелерінен осылайша жұмыс істеу қаншалықты ыңғайлы екенін сұрады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев соның арқасында біраз уақыттың үнемделетінін жеткізді.
"Бізде журналистер үшін жасалатын баяндамаларға уақыт жоқ. Үкіметтің кейбір мүшелері өз зейінін басқа нәрсеге аудармауы қажет. Егер ол кеңесте өзінің саяси сөзіне көбірек мән беріп, тұра беретін болса, онда біз біраз уақытты жоғалтамыз", - деп атап көрсетті Бақыт Сұлтанов.
tengrinews.kz