Әлихан Баймен: Талап қойса - Қазақстанға келген барлық әншілер қазақша ән айтар еді
2026 ж. 05 қараша
42
0
Қазыбек Исаның “Ресей әншісі Киркоров Дубайда неге қазақша сөйлеп, ән айтпайды?!.”-атты әлемге әйгілі әншіміз Димаш пен қазақ тілінің мүддесін қорғаған мақаласы өте жақсы жазылған.
Сондықтан да елдің бәрі қаптап қолдап жатқаны.
Кеше "Оқжетпес" шипажайында демалып жүріп, бір дәрігермен әңгімелестім. Сол айтады, таяуда Щучинскіде “Республика күніне” ме екен, бір үлкен концерт болып, соған Ресейден "На-На" тобы келген екен. Қазақстаннан Нағима деген бе, толық есімі есте қалмады, бір жас әнші қатысқан екен. Сонда әлгі "На-На" тобы әйгілі "Боз жорға" мен “Астана-бас қала” деген тағы бір қазақша әнді қазақ тілінде айтты. Ал, біздің жас әншіміз қазақша бір ауыз ән айтпай, тек орысша айтып, соған қатты наразы болып қайттық дейді. Қазір ұйымдастырушылар мен сырттан келген әншілер мұндай концертті ақша табу үшін өткізеді ғой. Мысалы, неге асабалар тойды қазақ тілінде жүргізеді? Себебі, ақша табу керек. Сондықтан, біздің елге келген әлемдік деңгейдегі әншілерден өзге барлық әншілерге репертуарыңның 20-30 пайызы қазақша әндер болсын деп талап қойса, бәрі айтады. Сонда ақша тапқысы келген Ресейдің әншілері де айтар еді. Сондықтан, бұл жерде Қазыбек Исаның Қазақстанға қаптап келетін Ресей әншілері де қазақ тілінде ән айтуы керек деген идеясы өте тамаша. Бұны бәріміз, үкімет те қолдауы тиіс!
Әлихан Баймен,
Қазақ үні