Қазыбек Иса: Мемлекеттік тіл заңы болмағасын, аударма қазақ тілін қалай ұғасыз, министр мырза?
2021 ж. 24 қазан
2398
6
Қазақ министрі қазақша сөйлесе қуанатын масқара жағдайға жеттік - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының “жетістігі”…
Бүгін 25 қазанда Парламент Мәжілісінде үкімет сағаты өтті. Депутаттар алдында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі , министрі Б.Мусин есеп берді, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі Қазыбек Иса министрге Цифрландыру саласындағы, егов платформасындағы мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі туралы сұрақ қойды.
- Бағдат Батырбекұлы, өзіңіз министр ретінде мемлекеттік тілде жақсы сөйлейді екенсіз, рахмет. Қазір қазақ министрі қазақша сөйлесе қуанатын масқара жағдайға жеттік Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының “жетістігі”… Ал цифрландыру саласындағы, E-gov платформасындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы деңгейі қандай? - деп сұрады депутат.
Министр өз жауабында Егов порталында қазақ тілінде барлық мемлекеттік қызметтер бар, бірақ, кейбір сөздерді өзі де ұқпайтынын айтты.
- Шынымды айтайын, Егов порталындағы кейбір сөздерді мен өзім де ұға бермеймін. Бұған дейін тікелей орыс тілінен аудара бергенбіз, бірақ кейбір пернетақталар мағынасына сай емес. Сондықтан, қайта қарау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді министр.
Ия, мемлекеттік тіл заңы болмағасын, аударма қазақ тілін қалай ұғасыз, министр мырза?
Министрдің жауабын видеодан 8:33 минуттан бастап көре аласыз.