Антисептиктен уланған 17 жасар бойжеткен көз жұмды
2021 ж. 04 ақпан
1255
0
Павлодарда арнайы орталықтың үш шәкірті антисептик ішіп, уланып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның біреуі қайтыс болды. Олар облыс орталығындағы қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықта тұрған екен. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, науқас ауруханаға ауыр халде түсіп, емдеу мекемесінде тілге келместен қайтыс болған. Қалған екі қыз баланың жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын ішкі істер органдарының мамандары анықтап жатыр.
Ирина Орсагош, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
– Қыз балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қарқынды терапия тағайындалды, ем-дом шаралары бір жарым сағат бойы жүргізілді. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бойжеткен антисептикті көп көлемде ішіп қойған.
Николай Қожахметов, орталық жетекшісі:
– Зардап шеккен бір қыз арнайы білім беру ұйымына жіберілген. Себебі, заңды бұзу бойынша мәселелері болған. Яғни, құқықбұзушылықтарға жол берген. Біздің мекеме ашық типте, балалар еркін жүреді.