АНЫҚТАМА АЛҒАНДА ТЕК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ АЛЫҢЫЗ!

0
1033

БАНКТЕН БОЛСА ДА, БАСҚАДАН БОЛСА ДА…

Ал сіз қай тілде аласыз?

Кеше Евразия банкінен есепшотым туралы анықтама алғанда, әдеттегідей қазақ тілінде алдым. Бұл жерде айтайын деп отырғаным, кейбір банк немесе мекемелердегідей анықтаманы ешнәрсе сұрамай-ақ, бас салып Ресей тілінде бере бермей, «Сізге қазақ тілінде керек пе?»-деп сұраған жетекші қаржы кеңесшісі Аружан Назарбаеваға риза болдым. Халық банкіне барғанда менеджер Виолетта Жылқыбаева да қазақ тілінде берді анықтаманы.

Жалпы, банкі ғана емес, барлық жерде, барлық мекемеден тек мемлекеттік тілде сұрау керек анықтама тб іс қағаздарын.

Тіл – тірлік етсе ғана тірі қалады.
Тілді тірлік еткізіп, тірі сақтау – Сіз бен біздің қолымызда!

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз