Митингке шыққандар Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап етті
2020 ж. 24 қазан
2362
0
Қазанның 18 күні Павлодар қаласында қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында мемлекеттік тілдің жанашыры Руза Бейсенбайтегінің бастамасымен бір топ белсенділер рұқсат етілген митингке шыққан болатын. «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, әр салада қолдануын талап ету, және қазақтілді тұтынушылардың дискриминациясын тоқтату» атты митингіде қабылданған қарарды жариялауды жөн көрдік.
1. Конституцияның 7 бабы 2 тармағын алып тастау, себебі Ата Заңымызда 7-ші баптың 2-ші тармағында «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тілде қазақ тілімен тең қолданады» деп жазылғаны еліміздегі қалған 128 ұлттың тілдерін менсінбеу және кемсіту деп бағаланады. Нақ қазір мүмкіндік болмаса, 2 тармағына, жалғыз орыс тілі ҚР территориясында қолданылмайды деп нақтылайтын өзгеріс еңгізу.
2. ҚР Үкіметіне, ҚР Парламентіне мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау;
3. Мемлекеттік тілді білмейтін, аудармашысыз жұмыс атқара алмайтын қызметкерлерді мемқызметке алуға тиым салу.
4. ҚР Тіл туралы заңындағы мемлекеттік тілді меңгеру ҚР әрбір азаматының парызы деген 4-бапты мемлекеттік тілді меңгеру ҚР әрбір азаматының міндеті деп ауыстыру;
5. Мемлекеттік тапсырыс, сатып алу арқылы қызмет көрсетушілердің тендерлерінің техспецификациясына, лицензия, және басқа да рұқсатнама құжаттарына: «қандай да болмасын қызмет міндетті түрде мемтілде бірінші кезекте болуы керек» деген нұсқау жазылуын қамтамасыз ету
6. Отандық телеарналарды әртүрлі жастағы балаларға арналған сапалы, мазмұнды, кішкентайларға арналған қызықты қазақтілді контентпен қамтамасыз ету;
7. Апта сайын телеарналарда «Мемлекеттік тілді білу ҚР территориясындағы әр азаматтының парызы», «Орыстілділердің қандай құқы бар қызмет орыс тілінде қызмет тұтынуға, дәл сондай, және бірінші кезекте қазақтілдірерде де бар» деген насихат жүргізу.
8. Бірінші меморгандардың, және солар арқылы ҚР еш субъектілерінің қандай да болмасын тек орыс тілінде құжат, бланкі, ақпарат т.т. беруін доғару.
9. Әр тілдік дискриминация фактілері бойынша, конституцияға сәйкес, ӘК бойынша шара қолдануды міндеттеу. Бұл функцияны прокуратурамен қатар Тіл басқармаларына және полицияға беру нормасын қарастыру.
10. Қазақтілділердің құқығы өрескел бұзылуы тиылмайдығынан Мемлекеттік тіл Альянсын құруды ұсынамыз. Оның қатарына БАҚ-нан журналистер, Қоғамдық ұйымдар, Тіл комитеті, мемлекеттік қызмет істер агентігінің өкілдері кіреді. Осы Альянс барлық заң бұзушылықты жүйелі түрде заң аясында сот арқылы шешу міндетін атқарады.
Қарарды тапсырушы, Р.Бейсенбай, т. 8701-182-5265, ruza_7@mail.ru
Павлодар қаласы21.10.2020ж.