"Қазпошта" қазақ тіліне қатысты сынға жауап берді
2020 ж. 13 наурыз
2170
0
"Қазпошта" АҚ басшылығы "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде жарияланған журналист Қарашаш Тоқсанбайдың "Қазақша білмейтіндерді мемлекеттік мекемелер маңына жолатпау керек" атты мақаласынан кейін, осы мәселеге қатысты ресми жауабын жолдады.
Еске сала кетейік, журналист әлеуметтік желіде "Қазпошта" қызметкерінің қазақ тілінде қызмет көрсетпегенін жазған болатын.
"Қазақ үні" порталында жарияланған бұл жазба қоғам ішінде үлкен резонанс тудырды.
Осыған орай "Қазпошта" АҚ Нұр-Сұлтан қалалық бөлімшесі директорының орынбасары Ж. Қажыбаев журналистен кешірім сұрап, алдағы уақытта клиенттерге қазақ тілінде қызмет көрсететіндігін хабарлады.