Елордада оқушылар мен колледж студенттері үшін сабақ тоқтатылды
2020 ж. 24 қаңтар
1461
0

Нұр-Сұлтан қаласында бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері оқымайды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы хабарлайды.
Білім басқармасының шешімі бойынша, 24 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, 20 м/с) қала мектептерінің I аусымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды, – делінген таратылған ақпаратта.