Бейбіт митинг өткізу орындары белгіленді
2019 ж. 26 желтоқсан
1662
0
Sputnik Казахстан[/caption]
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар Павлодарда бейбіт жиналыс, митингтерді өткізетін орындарды мақұлдады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Сессия барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйлә Ахметова 2019 жылғы 30 мамырда мәслихаттың қабылдаған шешіміне өзгеріс енгізуді ұсынды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы "Митинг жөніндегі заңнаманы жетілдіру" бағытын жүзеге асыру мақсатында қалалар шетіндегі емес орындарды белгілеу қажеттілігі сөз етілген болатын. Сол себепті қалалық мәслихаттың 30 мамырдағы шешіміне өзгеріс енгізу ұсынылады, - деді Нәйлә Ахметова.
Өзгерістерге сәйкес, бейбіт жиналыс, митингтерді өткізу үшін Павлодардың үш орны – Ю. Гагарин саябағы, Конституция алаңы мен Естай атындағы мәдениет үйі белгіленді.
Нәйлә Ахметованың айтуынша, ұсынылған орындар ашық талқылауға шығарылып, тұрғындарға бұл жөнінде өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді.
Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.