Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды
2019 ж. 23 желтоқсан
1527
0

Қазақстанның бірнеше облысында жолдың нашар көрінуі салдарынан республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Қазавтожол" ұлттық компаниясының мәліметінше, Алматы –Ташкент – Термез (Кенен елді мекені – Қайнар ауылы) учаскесінің 158-238 километрінде жол жабылды. Айналма жол Қордай ауылы арқылы өтеді. Алматы – Ташкент –Термез тас жолының 546-593 километрі мен Күйік асуы (594-634 километр) да уақытша жабылған.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында Екатеринбург – Алматы тас жолының бір бөлігі жабылды (Қарағандыдан Балқаш қаласына дейін 1505-1858 километр).
Айта кетейік, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Талдықорған жолы – Қапал ауылы (0-48 километр) учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.