Қасым-Жомарт Тоқаев: Киікті қырған қаскөйлер қатаң жазаға тартылуы тиіс
2019 ж. 28 қазан
1978
1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында құқық қорғау органдарын киікті заңсыз қырған қаскөйлердің әрекетіне тоқтау салуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек» деп жазды ҚР Президенті.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен тасымалдаған қылмыстық топты ұстағанын хабарлаған едік. Мәліметке сай, олар 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін шекара асырмақшы болған.